Жайықтағы су деңгейі үздіксіз көтерілуде
Қазіргі уақытта бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде.
Ведомстваның хабарлауынша, Атырау облысы Индер ауданы Индербор елді мекені Жайық өзенінде су деңгейі көтерілуде.
Қазіргі таңда Қызылорда облысы ТЖД күшімен бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде.
Су тасқыны басталған кезеңнен бері 8 мамырдағы жағдай бойынша, апаттық-құтқару жұмыстарына 17,5 мың адам жұмылдырылды.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі