Семейде педагогтердің кеңейтілген алқа отырысы өтті
Отырыста Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қалалық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының өкілдері, "Арман – ПВ" баспасының өкілдері және басқа да қонақтар қатысты.
Отырыстың спикерлері оқыту сапасын үздіксіз арттыру тәжірибесімен, "943 мақсатты мектепті дамыту" жобасын жүзеге асырумен және " ҰСТАЗ " платформасының жұмысы туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесуде орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні пайдалану мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, цифрлық білім беру ортасын қалыптастыру, ұлттық технологиялардың мұғалімнің жұмыс сапасын арттырудағы рөлі, мектепке дейінгі ұйымдардағы қосымша білім беру жүйесінде робототехника оқыту технологиялары тақырыптары бойынша баяндамалар тыңдалды.
Отырыс барысында осы бағыттағы жаңа оқу жылына арналған мақсаттар мен міндеттер қойылды.
Іс-шара барысында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов білім беру саласындағы көп жылдық еңбегі үшін ардагер ұстаз Ахметжанова Сәлима Басарқызына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Құрметті білім қызметкері" төсбелгісін табыстады. Сондай-ақ бірқатар педагогтар "Қалаға сіңірген еңбегі үшін"төсбелгісімен, қала әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен, сондай-ақ Абай облысы білім беру қызметкерлері кәсіподағының алғыс хаттарымен марапатталды.
Цифрлық қамтамасыз ету, білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу, қазіргі заманғы оқыту әдістемелері, жасанды интеллект пен робототехниканы оқыту үдерісінде пайдалану – қазіргі мектеп бағдарламасының ажырамас бөлігі.
Сурет: Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі