Банк картасын үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілік енгізілді

Банк картасын үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілік енгізілді

Бұл туралы ІІМ ресми хабарландыру жариялады.

Қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабында өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға бергені үшін, сондай-ақ материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін немесе оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесі үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді .

Алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады. Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді.

Есіңізде болсын: жеке және банктік деректер жай ғана ақпарат емес, бұл сіздің мүлкіңіздің, қауіпсіздігіңіздің және заң алдындағы жауапкершілігіңіздің кілті.

ІІМ ұсынады:

  • ешқашан банктік деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы "оңай ақша табуға" келіспеңіз;
  • күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Сурет: Polisia.kz

Related Articles