Халықаралық ғылыми жоба жарысының жүлдегерлеріне 6 миллион теңгеге дейін сыйақы төленеді – Жұлдыз Сүлейменова

Халықаралық ғылыми жоба жарысының жүлдегерлеріне 6 миллион теңгеге дейін сыйақы төленеді – Жұлдыз Сүлейменова


Бір реттік сыйақы тағайындау жөнінде мемлекет басшысы тапсырма берген болатын.


Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында халықаралық ғылыми жоба жүлдегерлері мен оларды дайындаған ұстаздарға қандай көлемде сыйақы берілетінін айтты.

"Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ғылыми жоба жарыстарында бірінші, екінші, үшінші орын иеленген жеңімпаз оқушыларға және оларды дайындаған білікті ұстаздарға бір реттік сыйақы тағайындау туралы тапсырма берген болатын. Өткен аптада осы тапсырманы орындау аясында бұйрық бекітілді. Биылдан бастап халықаралық ғылыми жоба жарыстарында бірінші, екінші және үшінші орын алған оқушылар 2 миллион мен 6 миллион теңге аралығында бір реттік сыйақы алады. Ал оларды дайындаған ұстаздарға базалық жалақысының 8,5-18,5 еселенген көлемде сыйақы тағайындалады", – деді оқу министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Министр бұл шешім дарынды оқушыларды және олардың білікті ұстаздарын қолдаудың жарқын бір дәлелі екенін атап өтті.


Оқи отырыңыз:

  • Жұлдыз Сүлейменова жеке мектептердің мәселесіне қатысты үш ресми ақпарат көзін атады
  • Оқушылар арасындағы буллинг үшін директорды қызметтен алу орынсыз – оқу министрі Жұлдыз Сүлейменова