30 мамырдағы саудада доллар тағы қымбаттады
Сонымен қатар, 30 мамырдағы сауда-саттықта әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп 61,19 теңгені (+0,30) құрады.
Ұлттық банк Еуро бағамын 480,32 теңге, рубль – 4,94 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 444,7-446,3 теңгеге, еуро 480,5-484,5 теңгеге, ресей рублі 4,91-4,99 теңгеге сатылуда.
Сонымен қатар, 30 мамырдағы сауда-саттықта әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында тамыз айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,25%-ға төмендеп, барреліне 83,2 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстерінің шілде айындағы бағасы 0,2%-ға төмендеп, барреліне 79,06 долларды құрады.
Сурет: Zakon.kz