Абай облысында бұрын-соңды болмаған бірегей ота жасалды

Абай облысында бұрын-соңды болмаған бірегей ота жасалды

Өңірде алғаш рет жүрекке бірегей ота жасалды.

"ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері" аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының білікті дәрігерлері, атап айтқанда, №5 Хирургиялық бөлім меңгерушісі Әлібек Тойбаевтың жетекшілігімен жүрекке бірегей операция жасады. Ота облыс дәрігерлеріне, кардихирургтарына шеберлік сағаты түрінде өтіп, операцияның жай-жапсары түсіндірілді.

"70 жастағы пациентте жүректің ишемиялық ауруы, коронарлық арнаның үштамырлы зақымдануы анықталған. Сонымен қатар бұған дейін миокард инфарктісін алғандықтан ота күрделене түсті. Біз өңірдегі дәрігерлермен бірлесіп науқастың үш тамырын ұштастыру операциясын жасадық. Қазір пациенттің жағдайы қалыпты. Бөлімшеде оңалтудың алғашқы кезеңінен өтіп жатыр", — деп түсіндірді кардиохирург Әлібек Тойбаев.

Айта кетейік, операцияға Семей қаласындағы "Жедел медициналық көмек ауруханасы" директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, өңірлік аурухананың жетекші кардиохирургтері, анестезиолог, эхоскопист, операциялық медбике, перфузиолог мамандар қатысты.

Сурет: Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Related Articles