Қазақстандықтар жұмыс орындарынан айырылуда

Қазақстандықтар жұмыс орындарынан айырылуда

Бір жыл ішінде жұмыс берушілер 218 мыңнан астам қазақстандықты жұмыстан шығарған, деп хабарлайды LS.

2024 жылы ел бойынша 1 миллионнан астам тұрғын жұмысынан кеткен. Олардың ішінде 218,1 мың адам – жұмыстан босатылғандар, ал 849,3 мың адам- қызметінен өз еркімен кеткендер

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қысқартулар салдарынан 15,2 мың адам жұмысынан айырылған.

Тәртіптік ережелерді бұзу себебімен 6,7 мыңнан астам қазақстандық жұмыстан шығарылған, ал компаниялардың жабылуы 4 мыңнан астам азаматты жұмыссыз қалдырған.

Бұдан бөлек, бюро "басқа" себептер бойынша жұмыстан кеткендер санатын көрсетті. Бұл санатқа 186,4 мыңнан астам адам кіреді.

Жұмыссыз қалған азаматтардың басым бөлігі өнеркәсіп (179,2 мың адам), сауда (164,4 мың адам) және білім беру (134,5 мың адам) салаларында еңбек еткен.

Кадрлар тұрақсыздығы байқалатын ең жоғары сала – кино және музыка өндірісі – 97,4%.

Одан кейінгі орындарда бөлшек сауда – 77,6%, қонақүй және қоғамдық тамақтану қызметтері – 57,1%, орман шаруашылығы – 53,9%, құрылыс – 45,1%.

Аймақтар бойынша ең көп жұмысынан айырылған немесе қызметінен өз еркімен кеткендер Алматыда тіркелген – 214,3 мың адам. Астанада бұл көрсеткіш – 119,3 мың, ал Қарағанды облысында – 77,2 мың адам.

Айта кетейік, бұған дейін LS редакциясы Қазақстандағы жұмыссыздық статистикасының шынайы көрсеткіштерге сай келмейтінін жазған болатын.

Related Articles